Дәулетбек Байтұрсынұлымен кездесу
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасына ақын, аудармашы, Жазушылар Одағының мүшесі, Журналистер Одағының мүшесі, Республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы, «Күнәсіз мекен», «Мәңгілік мекен», «Ләтипа лүпілі» қатарлы сегіз жыр жинағының авторы Дәулетбек Байтұрсынұлымен кездесу өтті.Ақынның түркі тілінен он кітапты қазақшалаған.Әдеби басылымдарда елуге жуық сын мақалалары жарық көрген.
Дәулетбек Байтұрсынұлы кітапхана сөресінде тұрған «Өлместің суы бар ма?» атты кітабын көріп, риза болып, кітапқа қолтаңбасын қалдырды.Бұл жинақта ақынның басынан өткен оқиғалары өте әсерлі жеткізген. Ақынның көптеген жинақтары болашақ ұрпаққа үлгі болар ғибраттары көптеп кездеседі.. @dauletbek.bay
