“Шоқтығы биік тұлға”

Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасында шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған “Шоқтығы биік тұлға” атты танымдық сағаты өтті. Іс-шараға ЖГК колледжінің 2 курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында Шоқанның өмірі, еңбектері жайлы бейнеролик көрсетілді. Содан соң жас Шоқанның Сергей, Айжан атты зерттеуші жолдастары туралы қазақ даласының тарихы жайлы қысқаша көрініс қойылды. Кітапхана қызметкері Жақыпова Бинұр “Балапан қаз” өлеңін, “Жас толқын” поэзия клубының мүшесі, Жезқазған қаласының Музыкалық колледжінің 2 курс студенті Аукеева Жанбота “Самал тау” халық әнін орындады. Іс-шара соңында студенттер Шоқан Уәлихановтың еңбектері қойылған “Ұлттың ұлы перзенті” атты кітап көрмесімен танысты.