«Кітапхана мәдениет саласы ретінде ақпараттық білім беру және рухани орда»

Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінінің кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітапхана-шығармашылық және ителлектуалды даму орталығы» атты семинар ұйымдастырылды. ОКЖ басшысының орынбасары Г.Қ. Сүйіндікова «Кітапхана мәдениет саласы ретінде ақпараттық білім беру және рухани орда» атты тақырыбымен семинарды ашып берді. Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында жас кітапханашылар арасында өткен «Жас серпін-2025» форумына қатысып келген әдіскер Р.Қ.Төлеубаева тәжірбиесімен бөлісті. Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Г.Х.Оспанова «Сапалы құжат -сапалы қызметтің негізі» тақырыбында кітапхана құжаттарымен таныстырып, дұрыс жазу жолдарын көрсетті. «Кітапхана ісіндегі жасанды интеллект бойынша зерттеу идеялары» тақырыбында әдіскер Г.Ж.Алкеева кітапханада кеңінен ЖИ-нің қолдануға болатын (Chat GPT, Pereplexity AI, Character AI, Wordwall) жаңа платформа түрлерімен таныстырды.Кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімінің қызметкерлері Қ.М.Үмбеталиева және Е.М.Кенжебай «Ретро кітаптар әлемі» (ретро кітаптарды Рабис бағдарламасына енгізу) жайлы тереңірек тоқталып, практика жүзінде көрсетті. Ақпаратты автоматтандыру бөлімі Қ.А.Муханбетжанова «Заманауи цифрлық дағдылар компьютерлік сауаттылық және бейнемонтаж өнері» (CAPCUT) видеомонтаждау және сурет, дыбыс жасау процесін көрсетіп үйрену жолдарына тоқталды. Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің басшысы А.А.Төлегенова «Ондық әмбебап саласы бойынша үйрету» атты тақырыппта экран арқылы жас кітапаханашыларға түсіндіріп, түсіндіру барысында кітапханашыларды сергіту мақсатында «Кітаппен серуен» ойынын ұйымдастырып, пазыл арқылы ақын жазушылардың суреттерін құрастырды. Ақпаратты библиография бөлімінің басшысы А.Т.Жүніс «Құжаттарды цифрлау, оларды электронды құжатқа байлау» газет-журналды оцифровка жасау жолдарын, электронды құжатқа байлау жолдарын практика жүзінде жас кітапханашыларға көрсетті.