«Тау түбіндегі ауыл»

Жезқзаған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдасытруымен ҚР Жуналистер одағының мүшесі, ақын ,Жезқазған қаласының құрметті азаматы Мырзабеков Батырбек Тыныштықбайұлының «Тау түбіндегі ауыл» атты естелік-эссе, Қарағанды қ. «TENGRI ltd» баспасынан 333 бетпен жарық көрген кітабының тұсау кесері өтті. Іс-шараға Қазақстанның белгілі металлургі,техника ғылымдарының кандидаты,қоғам қайраткері Төлеген Нұрмағанбетұлы Бүкіров қатысты және қала колледждері мен мектептерінің кітапханашылары қатысты. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі ,филология ғылымдарының кандидаты,доцент, ақын Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Ғазиз Елеусізбайұлы Ештанаев кітап тұсаукесерін жүргізіп отырды. Кітап тұсаукесерін кітапханашылар «Ұлытауым» әнімен ашты.
Кітапхана фоесінде «Ұлытаудың ұлымын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында кітапханашылар дайындаған ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы «Ұлытаудың ұланы» атты бейнебаян және жаңа кітаптың таныстырылымы экраннан көрсетілді. Жас кітапханышылар Б.Мырзабековтің «Ұлылықтың жүрегі», «Тау басында»,«Тілек» атты өлеңдерін оқыды. Кітаптың тұсаукесу лентасын Т.Бүкіров және Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Шомаева Гүлзада Карибекқызы кесті. Кітап тұсаукесерін Т.Қалмағанбетов атындағы филармония әншісі М.Мақсұтов «Қазағым-ай» әнімен аяқтады.