«Бала тілін тапқан ақын»
29 сәуірде №2 үлгілі кітапхана-филиалы белгілі қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сансызбай Сарғасқаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Бала тілін тапқан ақын» атты әдеби саяхат ұйымдастырды. Әдеби саяхатта Сансызбай Сарғасқаевтың өмірі мен шығармалары таныстырылды. Шығармалары жас оқырмандарды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, достық пен бауырмалдылыққа тәрбиелейді. Жазушының «Алғашқы асулар», «Тәмпіш қара», «Қайсар қыз», «Сұлутөр», «Жұмбақ қыз» деген туындылары ұсынылды.
