Ұлттық құрылтай
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасында ақпараттық-библиографиялық бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен пресс-сағат өткізді. Тыңдалған мәселелер:
1. Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев 20-қаңтарда өткізген Ұлттық құрылтайы
2. Жаңа Конституцияның жобасы
3. 2026 жылы кітапханаға алынатын мерзімді басылымдар.
Кітапханашы А.Жанибекова Ұлттық құрылтайда айтылған тарихи мұрамызды ғылыми тұрғыдан дәріптеу жолындағы «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру идеясы мен «Жошы хан» фильмінің аяқталып, халықаралық платформаларда өтетінін, т.б мәселелер мен «Егемен Қазақстан»газетінің 24 қаңтардағы №14 номерінде жарияланған «Кітап қорын қалай толықтыруда нені ескеру керек?» атты мақалаға тоқталып өтті.
Кітапханашы А.Жүніс жаңадан қабылданып жатқан Конституцияның 77 бабына түзетулер енгізілгенін, жаңа жобада еліміздің ондаған жылдарға арналған саяси, әлеуметтік, экономикалық даму бағдарламасын нақтылайтын басымдықтарға тоқталды.
Кітапханашы Қ.Сәмет 2026 жылы кітапханамызға алынатын мерзімді басылымдар мен цифрланатын басылымдарды таныстырып, 2025 жылдың «Кітап&Кітапхана», «Кітап патшалығы» журналының №4 санына шыққан мақала мен «Мектептегі кітапхана» журналындағы «Рабис» бағдарламасы бойынша шыққан мақала таныстырылды.
