«Айбатты да қайратты қос қыран» атты әдеби сағат

Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасында Ұлытаудың қос қыраны атанған Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжанның туғанына 110 жыл толуына орай «Айбатты да қайратты қос қыран» атты әдеби сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара қонақтары Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ештанаев Ғазиз Елеусізбайұлы, Ұлытау облысы тарихи-археологиялық музейінің басшысының орынбасары Ауелова Шарапат Абильдаевна мен Ұлытау облысы тарихи-археологиялық музейінің қор бөлімінің қызметкері Есенбекова Салтанат Амангелдіқызы, Ұлытау облысы «Тілдерді дамыту» орталығының басшысы Құрмет Тілеулі, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері «Ұлар» әдеби клубының мүшелері Жанат Әбдіғожин мен Мұқағали Сейтқазы, сондай-ақ Жезқазған гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты. Жезқазған музыкалық колледжінің студенті Сәрсен Зарина кеш шымылдығын “Жер-Ана” өлеңімен ашып берді. Ақын Ғазиз Елеусізбайұлы жастарға қос батыр жайлы тың деректер мен мағлұматтар жеткізсе,ақын Мұқағали Мұқанбетқалиұлы “Сарлық самалы”, Жанат Алпысұлы Ұлытау ауданындағы ескерткіш алдында туған өлеңін оқып берді. Тарихи-археологиялық музейінің қызметкері Шарапат Абильдаевна музейдегі қор деректерімен таныстырды.
І№8 гимназиясының оқушылары, «Жас толқын» поэзия клубының мүшелері Айып Нұржігіт пен Рахымбек Нұрбек «Шығыс ұлына хат» атты естелік оқыса, музыкалық колледжінің студенті Мұхаммадали Аяпберген “Қазағым-ай” әнін орындады. Іс шараға келуші оқырмандар қос батырға арналған “Тау ұлдары” атты көрмемен таныс болды. Қос қыранның ғұмырлары қысқа болса да, қазақ әдебиетіне өшпес мұра қалдырды…
Іс-шара соңы кітапхана қызметкерлерінің орындауындағы “Ұлытау” әнімен аяқталды.