Хамит Ерғалиевтің туғанына 110 жыл
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасына қарасты “Жас толқын” поэзия клубы қазақтың ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, дарынды журналист, әдеби қызметкер Хамит Ерғалиевтің туғанына 110 жыл толуына орай поэтикалық марафон ұйымдастырды. Марафонда поэзия клубының мүшелері ақынның танымал туындыларын оқып, ақын өмірімен, еткен еңбегі мен тыныс-тіршілігімен таныс болды.
