«Кітапхана жүйесіндегі цифрлық трансформация: Қазақстан кітапханаларының SMART технологиясы»
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашыларына «Кітапхана жүйесіндегі цифрлық трансформация:
Қазақстан кітапханаларының SMART технологиясы» тақырыбында семинар-практика өтті.
Кездесу барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, заманауи тәсілдермен танысты. Теориялық мәліметтер тәжірибемен ұштасып, әрбір тапсырма арқылы білімдерін нығайтты.
Практика барысында қатысушылар Gemini жасанды интеллектінің мүмкіндіктерімен танысып, оны тиімді қолдану жолдарын үйренді. Сонымен қатар, CapCut қосымшасы арқылы сапалы әрі креативті видеолар дайындаудың түрлі фишкалары көрсетілді.
Практикалық бөлімде қатысушылар өз бетінше видео өңдеп, жаңа құралдарды қолданып көрді. Бұл олардың цифрлық дағдыларын дамытуға үлкен мүмкіндік берді.
Практикалық бөлім ерекше Нәтижесінде пайдалы қорытындылар жасалып, жаңа идеялар қалыптасты.
Мұндай семинарлар кәсіби дамуға үлкен серпін беретіні сөзсіз! #ai #artificialintelligence #кітапхана #library #coworking
