21 мамыр — Мәдениет және өнер саласының қызметкерлері күні
Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 21 мамыр — Мәдениет және өнер саласының қызметкерлері күні мерекесіне орай Облыс әкімі Д.А. Рысбековтің Құрмет грамотасымен Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімінің кітапханашысы Умбеталиева Куаныш Мухаммедиевна марапатталды.
Облыс әкімі Д.А. Рысбековтің Алғыс хатымен №8 Қорғанбай ауылдық кітапхана-филиалының кітапханашысы Мынжасарова Акерке Танатаровна марапатталды.
Мәдениет және өнер саласының қызметкерлері күні мерекесіне орай Жезқазған қаласы әкімінің «Жылдың үздік кітапханашысы» номинациясымен Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Оспанова Гуляаим Хамзеновна, «Креативті маман» номинациясымен кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері Алкеева Гульжан Жолаушиевна марапатталды.
Мәдениет және өнер саласының қызметкерлері күні мерекесіне орай қала әкімі Қ.Шайжановтың Құрмет грамотасымен кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы Тулегенова Акмарал Абылхайыровна марапатталды.
Қала әкімі Қ.Шайжановтың Алғыс хатымен Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Біркен Алтынай Бейсенәліқызы марапатталды.
