Арман Әлменбеттің «Тергеуші» кітабы
Жезқазған қаласының мәденет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде жазушы, журналист Арман Әлменбеттің «Тергеуші» кітабы Алматы қаласы «Мuqaba» баспасынан 400 бетпен жарық көрген кітабының таныстырылымы өткізілді. Іс-шара қонақтары жазушылар одағының мүшесі Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы,Филиология ғылымдарының кандидаты Оңайгүл Ізтұрғанқызы Тұржан, Республикалық «Алтын тобылғы», «Ұлы дала» шығармашылық байқауларның жүлдегері Асылан Тілген, ҚР Үкіметінің Дарын Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының «Үздік дала» номинациясы бойынша жеңімпазы Батырхан Сәрсенхан қатысты.Іс-шара барысында жазушы Арман Әлменбеттің кітапханашылар дайындаған өмір жолы мен шығармашылығы жайлы және кітап таныстырылымы экранан көрсетілді. Сонымен қатар С.Қожамқұлов атындағы драма-театрының әртістерінің дайындаған «Тіргеуші» кітабынан көрніс көрсетті.
Кітапхана фоесінде «Жыр керуені-Жезқазғанда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,іс-шара соңы кітапханашылар дайындаған «Ұлытауым» әнімен аяқталды.
