Республика күні
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу» деген ұстанымды негізге ала отырып, Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Республика күніне орай ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында патриоттық көрме ұйымдастырды. Көрмеге Қазақстан Респуликасының тарихы,тәуелсіздік шежіресі,мемлекеттік рәміздер, ел бірлігі, отаншылдық пен ұлттық рух тақырыпттарын қамтитын кітаптар,энциклопедиялары қазіргі заман талабына сай кітаптар QR– кодтар арқылы ұсынылды.
