«Туған тілім ғасыр үні жалғаған…» интеллектуалды ойын

№3 Теректі ауылдық кітапхана-филиалы 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Туған тілім ғасыр үні жалғаған…» интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Тіл тақырыбында көрме ұйымдастырылып, таныстырылды. Интеллектуалды ойынға N6 Теректі негізгі орта мектебінің 2-3 сынып оқушылары «Жас қыран» және «Жас ұлан» топтарына бөлініп қатысты. Ойын 4 кезеңде өтті. Олар:
1. «Ойлы болсаң озып көр» (мақалды жалғастыру)
2. «Тапқыр болсаң тауып көр» (Жұмбақтар)
3. «Суретті жұмбақ» (суретте жасырылған жұмбақты шешу)
4. Даналық ойдан дән ізде (нақыл сөздің мәнін түсіндіру)
4 кезең бойынша топ жарып «Жас қыран» тобы жеңіске жетті. Қатысушыларға сыйлықтар таратылды.