“Туған тілім ғасыр үні жалғаған…” интеллектуалды ойын

№3 Теректі ауылдық кітапхана-филиалы 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Туған тілім ғасыр үні жалғаған…” интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Тіл тақырыбында көрме ұйымдастырылып, таныстырылды. Интеллектуалды ойынға N6 Теректі негізгі орта мектебінің 2-3 сынып оқушылары “Жас қыран” және “Жас ұлан” топтарына бөлініп қатысты. Ойын 4 кезеңде өтті. Олар:
1. “Ойлы болсаң озып көр” (мақалды жалғастыру)
2. “Тапқыр болсаң тауып көр” (Жұмбақтар)
3. “Суретті жұмбақ” (суретте жасырылған жұмбақты шешу)
4. Даналық ойдан дән ізде (нақыл сөздің мәнін түсіндіру)
4 кезең бойынша топ жарып “Жас қыран” тобы жеңіске жетті. Қатысушыларға сыйлықтар таратылды.