Бердібек Соқпақбаевтың «Аңыз тұлға, ұлы қаламгер» атты көрме жасалды

Жезқазған қаласының 70 жылдығына № 9 үлгілі кітапхана – филиалында «Бір ел -бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, Бердібек Соқпақбаевтың «Аңыз тұлға, ұлы қаламгер» атты көрме жасалды. Жазушының өмірбаяны, шығармашылығы, жайлы айттылды.Көрмеде жазушының Бердібек Соқпақпаев 1 — 2 том; «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», т.б. кітаптары таныстырылды. №10 жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы Кушекбаева Т.Р және 11 сынып және 4 сынып оқушылары қатысты.