«Мейірімділік пен құрмет» атты қайырымдылық акциясы

№5 Кеңгір селолық үлгілі кітапхана-филиалы 1-наурыз Алғыс айту күніне орай кітапхананың тұрақты мүмкіндігі шектеулі оқырмандарымызға «Мейірімділік пен құрмет» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім. Осы орайда кітапханаға келген тұрақты оқырмандарымызға лебіз ретінде жүрекшелер мен тәттілер ұсынылды, оқырманымыз Нұрымов Еркешті жұмыс орнына барып алғысымызды білдірдік. Мүмкіндігі шектеулі оқырмандарымыз Мерей Расул, Қуанышова Дильназдың аналарына алғыс хат пен балаларға тәтті сый сыйланды. Оқырмандарымыз қуанып алғыстарын білдірді.