«Ана деген – алтын қазық, алтын бақ» атты өнеге сағаты

№5 Кеңгір селолық үлгілі кітапхана-филиалында 8 наурыз Халықаралық аналар күніне орай «Ана деген – алтын қазық, алтын бақ» атты өнеге сағаты өтті. Бұл іс-шараға Кеңгір ауылының ақ жаулықты әжелері мен көп балалы аналарын және тұрақты оқырмандар қонақ ретінде шақырылды.
Жүргізуші кітапханашы Карибаева А.У. ақын Жүрсін Ерманның кітабынан «Әйелге ода» өлең шумағымен бастап, аналарымызды келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Тұрақты оқырмандарға арнайы «Ғажайып алаңы» атты Мақал –сөз атасы сұрақ мақалдардан қойылып дұрыс жауап бергендерге ынталандыру сыйлықтары берілді. Іс – шараға қатысқан Шарипова Т., Узбекова З., Тоқбергенова Ғ. Ханай А. және Әкімшілік қызметкері Дыбысова Д.М. Шарипова Тілеужан апа жастарға өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жас аналарға ақыл – кеңесін айтып ыстық лебізін білдірді.
М.Мақатаевтын «Ана» атты өлеңін тұрақты оқырман З.Узбекова мәнерлеп оқып берді.
Мерекелік іс – шараға қатысқан аналар мен аруларға алғысымызды білдіреміз.