«Игі іс – жақсылықтың белгісі» атты қайырымдылық акциясы

​Жезқазған қаласының 70 жылдығы және «Наурызнама» онкүндігіне байланысты 15 наурыз – қайырымдылық күніне орай, №2 үлгілі кітапхана-филиалы «Игі іс – жақсылықтың белгісі» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Кітапханашылар Маруа Құлұшева атындағы балаларды қолдау орталығы тәрбиеленушілеріне барып, 10 дана ертегі кітапшалар сыйға тартты. Мекеме басшылығы мен тәрбиешілерді, тәрбиеленушілерді Наурыз мейрамымен құттықтап, алғыс білдірді. Балаларға «Ақылды құмырсқалар», «Жақсылыққа жақсылық», «Жақсылық ұмытылмайды», «Түлкі-бикеш пен көкжал қасқыр», «Алтын сақа», «Сақтықта қорлық жоқ», «Бәсеке-бәйге», «Түйе неге түкіреді», «Қотыр торғай», «Қонжық пен көжек» атты екі тілде жазылған ертегі кітапшалар ұсынылды. Естелікке суретке түсті.