«Шынықсаң шымыр боласың» атты шымырлық пен шеберлік сағаты

№5 Кеңгір селолық үлгілі кітапхана-филиалы Ұлыстын Ұлы күні Наурызнама онкүндігіндегі Ұлттық спорт күніне орай «Шынықсаң шымыр боласың» атты шымырлық пен шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Іс – шара барысында ежелден келе жатқан ұлттық ойын түрін дәріптеу мақсатында балаларды күштілікке, ептілікке баулу. Спорттық ойын түрлерінен гір көтеруден және арқан тартыс ойындарынан жарыстар өткізілді. №2 ЖББ мектебінің «4 А» сынып оқушыларына кітапханашы асық жайлы мағлұмат беріп, «Бес асық» ойынын ойнатты.