“Наурыз – жаңару нышаны” атты жоралғы салт-дәстүр кеші 

N3 Теректі кітапхана-филиалы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін лайықты мерекелеу мақсатында “Наурызнама” онкүндігіне байланысты “Наурыз – жаңару нышаны” атты Жоралғы салт-дәстүр кеші N6Теректі негізгі орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларымен бірлесіп ұйымдастырылды. Кітапханашы Жоралғы түрлері туралы мағлұмат беріп, Нұрлан ақсақал бата беру барысында қазақтың сый-құрметі жасалып, жолын өскелең ұрпақ бірінші сынып оқушысы Әбушәріп Сүлейменге ұсынды. Теректінің “Әжелер мектебі” әннен шашу шашып, мектеп басшысы Матина Зәмзәгүл өз құттықтауын білдіріп, кеш соңында келген қонақтар наурыз көжеден ауыз тиіп ыстық лебіздерін білдірді.