«Кітап атты керемет» викториналық ойын
№ 9 үлгілі кітапхана – филиалы 2 — сәуір Халықаралық балалар кітап күніне орай «Кітап атты керемет» атты викториналық ойын ұйымдастырды. Халықаралық балалар кітап күні жайлы балаларға мағлұмат берілді. Викториналық ойынымыз 5 кезеңнен тұрады.
1кезең — Сұрақ – жауап;
1. Балалардың ең бірінші оқып үйренетін кітабы? 2. Әліппе кітабында неше әріп бар?
3. Қазақтың ұлтық ойындарының бірі? т.б осы сияқты сұрақтар қойылды.
2-кезең — Атақты тұлғаларды табу: Суретте белгілі бір адамның немесе танымалы тұлға, ақын- жазушылардың суретін тауып ойыншыларға көрсетеді.Қатысушылар суреттегі адамның аты – жөнін елге қандай еңбегі сіңіргенін айтуы керек.;
3кезең — Кім жылдам? А 4 парағына сандар жазып жерге қойылады. Парақтың басты бетінде сандар болса келесі бетіңде әріптер берілген, әріптерден бір сөз құрастырылады.
4кезең — Мақал – мәтелді жалғастыр: Қағазда көрсетілген суреттерден Мақал- мәтелді құрастыру. 5кезең — Ия- жоқ. Қорапта берілген кітаптардан бірдей кітаптарды табу. «Кітап ғажайып әлем» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.Тұрақты кішкентай оқырманымыз А.Калмурзин М.Мақатаевтың өлеңін оқып берді.
