«Кітап тапқырлары» атты оқырмандар арасында пазл ойын
2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай, N2 үлгілі кітапхана-
филиалында 4 сәуір күні «Кітап тапқырлары» атты оқырмандар арасында
пазл ойын ұйымдастырылды. Пазл ойынында «Жақсылық пен жамандық»,
«Аладиннің сиқырлы шамы», «Аламан мен Жоламан», «Қарлығаш пен
дәуіт», «Бауырсақ», Шал мен дәу» кітаптарын табуға берілді. Іс-шараға N21
жалпы білім беретін мектебінің 5 сынып оқушылары белсене қатысты.
Оқырман Бахрам Юсупбек кітаптардың ішінен «Дәуіт пен қарлығаш»
ертегісін оқып, мазмұндап берді. Оқырмандарға жұмбақтар шешкізіп,
«Жалғасын тап» ойыны ойнатылды. Бұл ойында мақал-мәтелдердің
жалғасын табу ұсынылды. Балалар белсенді қатысып, ойынға
қызығушылықтарын көрсетті. «Мен оқыған кітап» жобасына «Бір ел, бір
кітап» акциясына ұсынылған Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесін
оқыған оқырман Әділ Шахан өз ойымен бөлісті. Мазмұнын баяндап берді. Іс-
шара соңында оқырмандар түрлі қызықты кітаптармен танысты. Пазл ойыны
балаларға ұнады. Жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп өз
ойларын дамытты. Іс-шараға Жезқазған қаласының орталықтандырылған
кітапханалар жүйесінің кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс
бөлімінің әдіскерлері қатысып, әдіскер А.Б.Жәнібекова оқырмандарға және
ата-анасына ізгі тілектерін білдіріп, кітап оқуға ат салысуға шақырды.