«Дәуірдің дара тұлғасы еді» атты мұражай-көрме
Жезқазған қаласының 70 жылдығы мен геолог, ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай 12 сәуірде №2 үлгілі кітапхана-филиалы «Дәуірдің дара тұлғасы еді» атты мұражай-көрме ұйымдастырды. Кітапханашылар №11 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы Райхан Жаңатанқызымен бірігіп Жезқазған қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музеймен танысуға барды. Оқырмандар мұражайда Қаныш Сәтбаев жайлы көптеген деректермен танысып, мағлұмат алды. Музей қызметкері Сейтказина Толқын Илескалиевна оқырмандарға атақты геолог Қаныш Имантайұлы жайлы біраз ақпаратпен таныстырды. Мұражай көрмесіне қойылған Қаныш Сәтбаевтың кітаптары, Қаныш ата жайлы кітаптар, қолданған заттары, жиһаздары, стол, дивандар, шкафтар, жұмыс орны т.б. сақталған екен. Оқушыларға көрме-музей қатты ұнады. Кітапханашы Қ.Елеусизова «Қаныш Сәтбаев – алғашқы академик» көрмесіне қойылған Қаныш Сәтбаевтың кітаптарымен таныстырды.