КІТАП шоу- 2024 «Кітап-сарқылмас білім қазынасы» атты мерекелік іс-шара 

Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханасында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап-сарқылмас білім қазынасы» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Филиология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері ондаған жыр жинағының авторы, белгілі танымал ақын, бірнеше мүшәйралардың жеңімпазы Ештанаев Ғазиз Елеусізбайұлы, тау-кен металлургиялық колледжінің студенттері мен кітапханашысы Сүлейменова Гүлжахан Болатбекқызы қатысты.
Кітапхана саласын сандық форматқа көшіру және автоматтандыру қазіргі заманғы технологияға байланысты қолға алынған болатын. Цифрландыру кітапханашылардың жұмысын автоматтандырып қана қоймай, мобильдік қосымшасын да ұсынады. Өлкеміздің цифрланған кітаптарын оқырмандар біздің кітапхананың zhezbiblioteka.kz сайтынан тегін оқуға болады. Осы күнгі мерекеге орай ақын, Филология ғылымдарының кандидаты Ештанаев Ғазиз Елеусізбайұлының Алматы қаласы «Ан-Арыс» баспасынан 2018 жылы 208 бет болып басылып шыққан «Тамшыда да тағдыр бар» және Алматы «Орхон» баспа үйінен 2019 жылы 320 бетпен шығарылған «Нүкте» атты кітаптарына авторлық құқық келісім шартына қол қойылды.Кітап ханшайымы оқырмандарға кітап оқудың пайдасын, кітапты күтіп ұстау жайлы ережелерін айтып өтті. «Жас толқын» поэзия клубының мүшелері ақынның жыр шумақтарынан өлеңдер оқып, оқырмандар «Өлеңім-өмір серігім» атты видеороликті тамашалады. Бүгінгі кітап мерекесі күні ел болып оқитын кітап оқу акцияларының кітап оқу, талдау сағаттары, кітап көрмелерін тамашалауға ұласты. Кітапхана библиографы А.Жүніс геолог, ғалым, барлаушы Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Қазақтың дара-Қанышы», «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы бойынша Б.Соқпақбаевтың шығармаларын оқуға арналған көрмеге шолу жасады. Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы А.Ә. Төлегенова «Жаңа кітап-жаңа әлем» атты кітапхана қорына жаңадан түскен кітаптарға, «Жошы ұлысы-800 жыл», «Жошы хан», «Ұлытау кереметтері» атты кітаптар инсталляциясына шолу жасады. Мерекелік кеш ән-шашумен аяқталды