“Кітап – тарих, шежіре” атты библио-ойын

N3 Теректі кітапхана-филиалы 23 сәуір дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай КІТАП шоу – 2024 аясында “Кітап – тарих, шежіре” атты библио-ойын ұйымдастырылды. Іс-шара Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі бойынша 8-9 сынып оқушылары арасында Қожаның ролін сомдап, көрініс көрсетілді. “Кітап – ғасырлар шежіресі” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Б.Соқпақбаев “Менің атым Қожа”, Е.Раушанов “Періштелер мен құстар”, Ж.Верн “Он бес жасар капитан” тағы басқа әдебиеттер қойылып оқырмандарға насихатталды.