«Кәсіптің көзін тапқан әйел -ана»

№5 Кеңгір селолық үлгілі кітапхана-филиалы «Кәсіптің көзін тапқан әйел -ана» атты кәсіпкер Такашова Рысбике Алтынбекқызымен ашық сұхбат өтті. Сұхбаттың мақсаты: Ауылымыздың жас кәсіпкерін таныту, әрі өскелең ұрпаққа қазақ халқының қолөнер үлгілерімен таныстыру. Сұхбат барысында осы кәсіпке келгендегі қиыншылықтары мен басынан кешкен қызықтары жайлы айтып өтіп,қолынан шыққан бұйымдарын таныстырып, жас ұрпақты өз сүйікті ісімен айналысуға, ерінбей еңбек етуге, Қазақстанның атын шығарар ұрпақ болуға шақырды.
Өз кезегімізде бізде Рысбике ханымға шығармашылық табыс тілеп, еңбегіңіз еселеніп, отбасыңызға амандық тілейміз.