“Азалы жылдар жаңғырығы” атты саяси куғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

№ 9 үлгілі кітапхана – филиалында «Азалы жылдар жаңғырығы» атты саяси куғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
1937- 1938 жылдарда кеңес үкіметін орнату мен нығайтуға қатысқан Алаш партиясының қайраткерлері мен мүшелері Ә Бөкейхан,Х Досмұхамбетұлы,А Байтұрсынұлы т.б жазаға ұшырады,халық жаулары деп жариялады.Қазақ әдебиетінің негізін салушылар С Сейфуллин, Б Майлин,І Жансүгіров,М Жұмабаев,М Дулатов ату жазасына кесілді.
Құрметті жастар, әрдайым өткен тарихымызды ұмытпай, біздің болашағымыз үшін күрескен ата-баба рухына тағзым етіп отырайық. Іс – шараға №10 мектебінің 9 сынып оқушылар мен тұрақты оқырмандарымыз қатысты. «Ұмытылмас қасірет» атты кітап көрмеге шолу жасалды.