«Зұлмат жылдар» дөңгелек үстел
Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Зұлмат жылдар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге №14 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі-Байсова Бақытгүл Таймасқызы, №4 тарих пәнінің мұғалімі-Шарипанова Ақмарал Әлімғазықызы, Жоғарғы медициналық колледжінің кітапханашысы-Жалгасбаева Жібек Карбозқызы және медициналық колледждің бірінші курс студенттер қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар 30-жылдардағы ашаршылық құрбандарын мәңгі есте қалдыру және сол кездегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін, не істеу керектігі жөніндегі ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, “Зобалаң жылдар жаңғырығы” атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Қайрат Сақтың “Алаш мұрасы”, Зияда Ижановтың “Жаралы жылдар”, “32-нің Зұламаты” т.б. атты кітаптармен толықтырылды. Көрмені Ақбаян Тайқызы таныстырды.