“Латын әліпбиі-ұлттық сананың қайта жандануына жол” атты семинар-тренинг
Жезқазғанқаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Тілтану” оқ-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Латын әліпбиі-ұлттық сананың қайта жандануына жол” атты семинар-тренинг өтті.
Шараның мақсаты-рухани жаңғырудың темірқазығына айналған латын әліпбиінің қабылдануына байланысты пікір алмасу.
Іс-шарада “Тілтану” оқу-әдістемелік орталығының директоры Ақгүл Хамитқызы Ошағанова латын әліпбиіне көшу қазақ тілін дамыту мен жаңғыртуға деген ішкі қажеттілік деп атады.
Семинар-тренинг соңында Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапхана қызметкерлері Оспанова Гүлайым Хамзеқызы,
Менлибаева Индира Айтжанқызы, Елеусізова Қаламқас Абитхановна, Қажмағанбетова Айнұр Төлегенқызы, Тулегенова Ақмарал Абылкаировна,
Рунас Лариса Николаевна, Біркенова Алтынай Бейсенәліқызы Алғыс хатпен марапатталды.