«Ел рәміздері – ел рухы» атты елтану сағаты
4 – маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне орай № 9 үлгілі кітапхана – филиалында «Ел рәміздері – ел рухы» атты елтану сағаты өтті. Іс – шараға қатысқан тұрақты оқырмандарымызға кітап көрмесінен шолу жасалып, сұрақтар қойылды. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігімізді паш ететін бір тұтастығымызды бейнелейтін, мызғымас негіздерінің бірі.Қазақстаның әрбір азаматы Туын, Елтаңбасын,Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.