«Рәміздер — ел беделі» елтану сағаты
№8 Қорғанбай ауылдық кітапхана-филиалы 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай «Рәміздер — ел беделі» елтану сағатын өткізді. Кітапханашы «ҚР мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» кітабынан мемлекеттік символдарымыздың қабылдануы мен авторлары, бастапқы сызбаларын таныстырды. Іс-шараға Қорғанбай ауыл клубының меңгерушісі Мұқаева Зәругүл сөз сөйлеп, оқырмандарды мерекемен құттықтады. Іс-шараға жас оқырмандар мен ауыл тұрғындары қатысты.
