«Ел рәміздері – ел рухы» атты елтану сағаты

Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай, «Ел рәміздері – ел рухы» атты елтану сағаты өтті. Іс-шараға «Маруа Құлышева атындағы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің тәрбиенушілері белсене қатысып, рәміздер туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады. Елтану сағатының соңында оқырмандардың назарларына «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге Ата заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Елтаным», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері» «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы мағлұматтармен мерзімді басылымдар мақалалар қойылып, библиографиялық шолу жасалды.