«Әкеге қарап ұл өсер» атты кездесу

№2 үлгілі кітапхана-филиалы 16 маусым Әкелер күніне орай «Әкеге қарап ұл өсер» атты кездесу ұйымдастырды. Іс-шараға кітапханамыздың құрметті оқырмандары мен «Жанұя» отбасылық клубы мүшелері Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Құйқабаев Дидар Нұртуғанұлы, ұлы Дамир Дидарұлы қатысты. Сонымен қатар, кітапхана оқырманы Айжұлдыз Маралованың әкесі Ибраев Ерболат Маралұлы да қатысты. Д.Нұртуған каратэден өз өнерін көрсетті. Оқырмандарға жұмбақ жасырылды, мақал-мәтелдер сұралды. Іс-шара соңында кітапханашы қонақтарға алғыс айтып, өнерлі оқырман С.Бөрібеков «Әке-ана» әнін айтып қорытындылады.