«Әкеден ұлағат- балаға мұрағат» атты дөңгелек үстел
Халықаралық Әкелер мерекесіне орай №5 үлгілі кітапхана – филиалы «Әкеден ұлағат- балаға мұрағат»https://www.instagram.com/p/C8MfTwMt4YG/ атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кітапхананың тұрақты отбасылық оқырмандары көпбалалы әке Б.Балапанов, және Ж.Шалдыбаев балаларымен қатысты. «Әке – отбасының тірегі» атты кітап көрмесімен филиал меңгерушісі Н.Смагулова таныстырды. Көрмеге: Тосимаса Оотаның «Ең керемет әке», Ы.Алтынсаринның «Әке мен бала», Г.Сайынқызының «Ер жетті ұлым, бой жетті қызым» т.б. кітаптар қойылды. Жүргізілген дөңгелек үстел барысында қойылған сұрақтар бойынша әкелер өз ойларын ортаға салып,бала тәрбиесіндегі отбасындағы әкелердің қомқорлығы, отбасылық міндеттері жайлы негізгі мәселелерді түрлі мысалдар келтіре отырып баяндады. Әкелер өз отбасындағы ұстанымдары жайлы, балалар тәрбиесі жайында әңгімеледі және әлеуметтік желілердің, ұялы телефондардың зиянды жақтарына тоқталды.Ж.Шалдыбаев оқырман қызы екеуі қарлығаштың ұясын қолдан жасап ұсынды