“Әке – асқар тау, биік шың” атты кездесу

№3 Теректі кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен Әкелер күніне орай “Әке – асқар тау, биік шың” атты кездесу өтті. Кездесудің қонағы Теректі ауылының азаматы, ардақты әке Касымбеков Нұрлан балалар тәрбиесі және отбасында әкенің рөлі туралы баяндап, балалардың қызықты сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара барысында мектептің оқушылары белгілі ақын-жазушылардың әке тақырыбында өлеңдерін оқып, өнерлерін паш етті.
Жиында оқырмандар үшін “Әке жолы – ізгі жол” тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ыбырай Алтынсариннің “Әке мен бала”, Төлен Әбдікұлының “Әке”, Тосимаса Оотаның “Әң керемет әке” кітаптары мен балалар журналынан әкеге арналған мақалалар мен өлеңдер қойылды.
Жиын соңында әкенің қадірі туралы әлеуметтік видеоролик көрсетілді.