“Қазақ елінің кіндің мекені – Жезқазған” тақырыбында ашық сұхбат


Сары мыс сапырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болып отырған Жезқазған қаласының бой түзегеніне биыл 70 жыл толып отыр. Қойнауына құт дарыған мекенге 1954 жылы қала атауы берілді. Осы мерейтой қарсаңында Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы “Қазақ елінің кіндің мекені – Жезқазған” тақырыбында қала тұрғындарының қатысуымен ашық сұхбат алаңын өткізді. Тұрғындарға қала тарихына байланысты бірнеше сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, қала күніне шаһар тұрғындары өздерінің жылы лебіздерін білдірді.Металлургтердің мекені атанып кеткен Жезқазған өндірісті өлке ретінде өңірдің ғана емес тұтас елдің тірегіне айналып отырған жайы бар.