«Көңілім әнді ұғады» әдеби музыкалық компазиция

Кеңгір селолық №5 үлгілі кітапхана – филиалы Ұлы ақын, ағартушы , қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлының туғанына 179 жыл толуына орай «Көңілім әнді ұғады» атты әдеби музыкалық компазиция ұйымдастырылды. Абай лирикасы кең көлемді мол қазына, биігі бітпес, тереңі тауысылмас сырлы мұра екендігі жайлы кітапханашы қысқаша айтып өтті. Сонымен қатар өмірбаяны жайлы қысқаша мағлұмат айтты. «Абай рухы ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып Ғ.Есімнің «Хакім Абайға», «Абай шығармалары», Абай Құанбайұлының «Абай» атты екі томдық толық жинағы т.б. кітаптары қойылып насихатталды. №2 орта мектебінің 9шы сынып оқушысы Г.Есілбаева «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңін мәнерлеп оқып берді. Тұрақты оқрымандар Д.Асқардын орындауында Абайдың күйі «Май түні», К.Мағзұмов «Өлсем орным қара жер сыз болмайма» атты әнің нақышына келтіріп айтып берді. Сонымен қатар «Өркен» үйірмесінің ақ әжелері «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» атты әндерін әсерлі орындады.