«Ұлық тұтар Ұлы Заң» көрме

​ №2 үлгілі кітапхана-филиалы 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне «Ұлық тұтар Ұлы Заң» атты көрмеге шолу ұйымдастырды. М.Құлұшева атындағы балаларды бейімдеу орталығы тәрбиешілерімен бірлесе өткізілді. Іс-шараны кітапхана қызметкерлері екі тілде жүргізді. Кітапханашы Конституция күніне ұйымдастырылған көрмемен таныстырып өтті. Көрмеге қойылған «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы», «Конституция РК» т.б. кітаптар мен мерзімдік басылымдарға шыққан мақалаларға шолу жасады. М.Құлұшева атындағы балаларды бейімдеу орталығының тәрбиешісі А.К.Абзалова Қ.Ноғайдың «Ата заң» өлеңін оқыды.