“Айбары асқақ Ата Заң” патриоттық сағат

№5 Кеңгір селолық үлгілі кітапхана-филиалы 30 тамыз Ата Заң күніне орай “Айбары асқақ Ата Заң” атты патриоттық сағатын ұйымдастырды. Іс-шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары мен ауыл тұрғындары қатысты. Патриоттық сағат ҚР Ән Ұранымен ашылып, Кеңгір селолық ақсақалдар кеңесінің төрағасы О.Арыстанбаев құттықтау сөз сөйледі. “ Назқоңыр “ үйірмесінің оқушылары “Жастар биі” күйін орындаса, “Кербез” би ансамбль қыздарынан би шашу етті және кітапхана оқырмандары “Ата Заң” атты өлең жолдарын мәнерлеп айтты. Мәдениет үйі меңгерушісі Магзумов Кәдікен Байзырахманұлы Конституция жайлы мағлұмат беріп, Рахымбек Диана “Бейбітшілік” әнін шырқады. Іс шара соңында кітапхана меңгерушісі Н. Смагулова додокаэдрмен ойын ойнатып сұрақ-жауап алып, “Ата заңым-айбарым “атты кітап көрмесіне шолу жасады. Келген қонақтармен естелік суретке түсті.