«Тіл тарихтың -күре тамыры» кітап көрмесі
№6 Талап ауылдық кітапхана-филиалында ҚР тілдер күніне орай «Тіл тарихтың -күре тамыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға #14 ЖОББ мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Ана тілі-мемлекеттік тіліміз жайлы мағлұмат берілді. Тіл туралы өлеңдер оқылып, көрмеге қойылған кітаптар мен мерзімдік басылым беттерінен алынған материалдармен кітапханашы таныстырды.
