«Желбіреген жалау» тарихи сағат

№2 үлгілі кітапхана-филиалы халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Желбіреген жалау» атты тарихи сағат ұйымдастырды. Тарихи сағатқа Жезқазған Тау-кен технологиялық колледжінің студенттері және колледж кітапханашысы қатысты. Іс-шараға қатысушыларға кітапханашы Қ.Елеусизова Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен жалғыз қазақ жайлы біраз мәлімет берді. Ұзақ уақыт бойы қазақстандықтың ерлігі туралы белгісіз болғаны, ал Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы ол туралы алғашқылардың бірі болып айта бастағаны және журналист Кәкімжан Қазыбаевқа Рахымжан туралы мақала жазуды тапсырғаны жайлы айтып өтті. Іс-шараға қатысушылар Рақымжан Қошқарбаев туралы жақсы мағлұматтар алып, Кәкімжан Қазыбаевтың жазған кітабымен танысты.