«Менің Отаным-Қазақстан» атты патриоттық сағаты

Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 25-қазан Республика күніне орай «Менің Отаным-Қазақстан» атты патриоттық сағаты ұйымдастырылды. Іс- шараға Мәруа Құлышева атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері белсене қатысты. Мереке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Шара барысында оқырмандарға Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық жәнe саяси жетістіктері туралы айтылып “Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем” атты кітап көрмесіндегі “Моя родина – Казахстан” атты кітабына шолу жасалып, басқа да әдебиеттердің мазмұндары қысқаша таныстырылды. Кітапхана оқырманы Оразбек Нұрсұлтан «Тәуелсіз Қазақстан» әнін орындаса, кітапханашы оқырмандарға «Менің Қазақстаным» атты бейнеролик ұсынылып, экрандағы викториналық сұрақтарға жауап алынды.