«Сегіз қырлы, бір сырлы» ашық микрофон

22 қарашада №2 үлгілі кітапхана-филиалы әнші, сазгер, ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, облыстық мәдениет басқармасының «Өнер тарланы», «Ең үздік әнші» номинацияларының иегері, Қарағанды облысы әкімінің «Жыл вокалисі» номинациясы бойынша сыйлығының лауреаты және «Алтын қобыз иегері», Тайжан Қалмағанбетов атындағы филармониясының әртісі, «Парасат» орденінің, «Мамандығына адалдығы үшін» номинациясының иегері және «Әнге ғашық жүрек»(1994), «Көңілімнен ұшады кептер өлең» (1996), «Жырлайды жүрек»(2009), «Ән-ғұмыр»(2019) кітаптарының авторы Береке Көшенұлының 75 жасқа толуына орай «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты ашық микрофон ұйымдастырды. Іс-шараның қонақтары Жезқазған музыкалық колледжінің оқытушысы, «Мәдениет қайраткері», кітапхана саласының ардагері Шәрипа Құрманқызы Капкеева, колледж кітапханашысы Айгүл Құлман, музыкалық колледж студенттері қатысты. Іс-шара әншінің орындауындағы «Жезқазған маршы» әнімен басталды. Оқырмандарға Береке Көшенұлына арналған «Өнер айдынында берекелі – Береке Көшенов» атты видео көрсетіліп, өнер иесі жастарға өз өмірі, өнердегі еңбектері мен жетістіктері, отбасы, басынан өткен қызықты сәттері жайлы айтып өтті. Ақындық өнерімен бөлісіп, «Жырлайды жүрек» жинағынан өлеңдерін оқып берді. Әнші Береке Көшенұлының салған әндерінен үзінді қойылып, әннің атын, авторын, композиторын тапқан қатысушыларға сыйға кітаптар берілді. Көрмеге қойылған кітаптары мен марапаттарын кітапханашы таныстырып өтті. Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің атынан кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы А.Б.Жәнібекова ақ тілегін білдіріп, құттықтау хат пен кітап сыйға тарту етті. Сөз кезегінде «Мәдениет қайраткері» Ш.Қ.Капкеева өнер иесі Береке Көшенұлына және кітапхана ұжымына жылы лебізін білдіріп, соңында Береке Көшенұлы келген жастарға сәттілік тілеп, өз репертуарынан С.Сейфуллиннің «Біздің жақта» әнін орындап берді. Жастарға үлгі-өнеге берерлік кездесу болды.