«Жеті ата» тәрбиелік сағат

№2 үлгілі кітапхана-филиалында 29 қарашада «Жанұя» отбасылық клубымен «Жеті ата» атты тәрбиелік сағат ұйымдастырылды. Іс-шараға кітапхана оқырмандары Жеңіс Арынов, Жұмабай Татибасов, Камалбек Қаржауов, Майра Бисеналиева, Үрияш Қазанбаева, Қарлығаш Аубакирова, Гүлжахан Болатбекқызы және №11, 13 жалпы білім беретін мектебінің 5, 6 сынып оқушылары Мерей Аманжанов, Жайна Камалбек пен Жезқазған Тау-кен технологиялық колледжінің студенттері қатысты. Кітапханашы оқырмандарға қазақтың тәрбиелік дәстүрі жеті атаның маңызы, жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектілік тәрбие тәлімі өте зор екені, жеті санының маңыздылығы жайында айтып берді. Әсем әндерін жолдаған Мерей Аманжанов пен Жайна Камалбектің орындауында «Ассалаумағалейкум», «Ата-әже» әндері шырқалды. Жеті атасын білетін балалар өз аталарын тізбектеп айтып шықты. Келген қонақтар жастарға өз ақыл-кеңестерін айтып, кітапхана ұжымы мен жастарға ризашылықтарын ақ тілектерімен білдірді. Көрмеге қойылған Қ.Бегмановтың «Халқы мықтының-салты мықты», «Қазақ салт-дәстүрлері», С.Кенжеахметұлының «Жеті қазына», С.Назарбекұлының «Қазақтың киіз үйі», Л.Ахметжанқызының «Дәстүр даналығы, К.Кеніштің «Жақсы сөз-жарым ырыс», К.Әлпейісованың «Қайтсек ұрпақ өседі өрелі боп…», Қ.Кәмәлашұлының «Қазақ халқының туыс-туғандық жүйесі, ұрпақ өсіру, тәрбиелеу дәстүрі, үйлену ғұрыптары», «Әлдиден эпосқа дейін» отбасылық хрестоматиясы кітаптарымен таныстырды.