“Кітапханашы және оқырман: жаңа қатынастар кезеңі” семинар

«Жезқазған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен кітапханашыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру, заманауи оқырман талабына сай кітапхана қызметін тиімді ұйымдастыру және заманауи әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында “Кітапханашы және оқырман: жаңа қатынастар кезеңі” атты кезекті семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты кітапханашылардың біліктілігін арттыру мақсатында жүргізілді. Шара барысында кітапхана қызметін жетілдірудің заманауи тәсілдері мен креативті идеялар талқыланды.
Бағдарлама бойынша кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік бөлім басшысы А.Б.Жанибекова – “Креативті кітапханашы” тақырыбында әдістемелік кеңес ақпараттармен бөлісті. Кітапхана мамандарының кәсіби құндылығын қалыптастыру-кітапхана саласын модернизациялаудағы маңызды қадам екенін атап өтіп, кітапханашы әрқашанда оқуда, ізденісте болуы шарт, оның кәсіби міндеті деп атап көрсетті.
Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің басшысы А.Т.Жүніс – FineReader 12 бағдарламасында құжаттарды цифрлау жұмысын таныстырып, тәжірибе алмасу барысында құжаттарды электронды каталогқа байланыстыру үшін сапалы сканерлеуді жүзеге асыру, сандық форматқа (PDF) аудару, «РАБИС» мәлімет базасына байлау, электронды папкаға орналастыру жөнінде көрсетті. Ақпаратты автоматтандыру бөлімінің редакторы Манат Зиядинқызы – жасанды интеллектінің кітапхана саласындағы мүмкіндіктерін көрсетіп, ChatGPT арқылы жұмыстарды қалай оңтайландыруға болатынын түсіндірді.
Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік бөлімінің әдіскері Г.Ж.Алкеева – «Балалар кітапханасында әдіс-тәсілдер» тақырыбында «Bookdating», «Book read and draw» тәсілдерін түсіндіріп, өзі оқыған кітабы бойынша кітап арқылы сурет салу креативті идеяларын көрсетті.
Семинар барысында:
• Қатысушыларға арнайы буклеттер таратылды.
• Қызықты сұрақ-жауап ойындары мен сергіту сәті ұйымдастырылды.
Семинар соңында қатысушылар алған білімдерін жіп арқылы бір-біріне беру әдісімен қорытындылап, өз ойларымен бөлісті.
???? Кітапхана – тек білім ордасы емес, инновациялар мен креативті идеялардың орталығы!
Осындай семинарлар кітапханашылар мен оқырмандар арасындағы жаңа қатынастарды дамытуға үлкен үлес қосады.