“Кітапханашы және оқырман: жаңа қатынастар кезеңі” семинары
“Кітапханашы және оқырман: жаңа қатынастар кезеңі” семинары ????
Бағдарлама бойынша кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік бөлім басшысы А.Б.Жанибекова – “Креативті кітапханашы” тақырыбында әдістемелік кеңес, Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің басшысы А.Т.Жүніс – FineReader 12 бағдарламасында құжаттарды цифрлау жұмысы, Ақпаратты автоматтандыру бөлімінің редакторы М.З.Джумадуллаева – жасанды интеллектінің кітапхана саласындағы мүмкіндіктерін көрсетіп, ChatGPT арқылы жұмыстарды қалай оңтайландыруға болатынын, Кітапханаларды дамыту ісі және әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері Г.Ж.Алкеева – «Балалар кітапханасында әдіс-тәсілдер» тақырыбында «Bookdating», «Book read and draw» тәсілдерін түсіндіріп, өзі оқыған кітабы бойынша кітап арқылы сурет салу креативті идеяларын көрсетті.
Семинар барысында:
• Қатысушыларға арнайы буклеттер таратылды.
• Қызықты сұрақ-жауап ойындары мен сергіту сәті ұйымдастырылды.
Қорытынды:
Семинар соңында қатысушылар алған білімдерін жіп арқылы бір-біріне беру әдісімен қорытындылап, өз ойларымен бөлісті.
???? Кітапхана – тек білім ордасы емес, инновациялар мен креативті идеялардың орталығы!
Осындай семинарлар кітапханашылар мен оқырмандар арасындағы жаңа қатынастарды дамытуға үлкен үлес қосады.