«Тәуелсіздік тұғырым» танымдық сағаты
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – ең басты құндылығымыз. Еліміз 33 жыл бұрын тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.
Оқырмандарға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту,Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау. Оқырмандарды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Тәуелсіздік тұғырым» атты танымдық сағаты өтті.
Іс-шараға №4 мектептің 1 және 5 сынып оқушылары белсене қатысты. Шара барысында кітапханашы З.Шайхова оқырмандарды озық ойлы, дарынды, қайырымды болуларына ең бірінші кітап оқу керектігін айтып өтті. Әрі қарай проектордан осы тақырыпқа байланысты «Тәуелсіздікке қалай жеттік?» атты бейне таспа көрсетіліп, осы бейне таспа бойынша кітапханашы тәуелсіздікке қалай қол жеткізгеніміз туралы тарихқа тоқталды.
Шарада оқырмандар да өздерінің тілектерін патриоттық сезімдерін білдіріп жатты. Отан туралы өлеңдерді жатқа айтып, нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды. Сонымен бірге оқырмандар өз еркімен Отан жайындағы мақал – мәтелдер айтып, викториналық сұрақтарға нақты жауап берді. Соңында «Мәңгі жаса, Қазақстан!» атты ойын ұйымдастырылып, оқырмандар болашақ Қазақстанды қалай елестететіндіктерін жазып шара тартымды, қызықты өтті. Сонымен бірге «Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік!» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді.
Көрме Қазақстан тарихында халқымыздың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуындағы, оның қазіргі әлемдегі өз рөлі, тәуелсіздік пен мемлекетіміздің егемендікке қол жеткізгендегі маңызды кезеңдері туралы ақпарат береді. Көрмеде Тәуелсіздік тарихы және 1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасына түрткі болған себептер мен демократия жолында құрбан болған ұл-қыздардың ерліктері жайында материалдар ұсынылды.