“Желтоқсан жарасы – жүрегімізде” танымдық ақпарат сағаты

№6 Талап ауыдық кітапхана филиалында 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай “Желтоқсан жарасы – жүрегімізде” атты танымдық ақпарат сағаты өткізілді. Қазақстан Республикасының гимны ойналып, қаза тапқан желтоқсан құрбандарына арналып бір минут үнсіздік жарияланды. Кітапханашы Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресінде ерекше орын алатынын 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің мәні мен маңызын , оның тарихи және рухани маңызын жас ұрпаққа жеткізуге бағытталған іс шара екенін түсіндірді.Сакенов Тобақабыл,Жүсіп Сартай,Тохтархан Бейімбет желтоқсан жайлы өлеңдер оқып берді. Мұхамбетәлі Көбейсін,Ахметбек Қасым,Мұратбек Бексұлтан орындауында “Желтоқсан”әні орындалды. Көрме ұйымдастырылып, көрмеге Желтоқсан 86 сериясынан”Тәуелсіздік осылай басталған”,”Намыс оты алаулаған”, “Желтоқсан көтерілісі” көп томдық айғақ-кітаптарының екі томы, Желтоқан көтерілісіне 20жылдығына арналған “Азаттық аңсағандар” деректі шығармалар жинағы, М.Шаханов “Желтоқсан эпопеясы және К.Адырбекұлы соңғы репрессия” кітаптары,сонымен қатар Желтоқсан құрбандары : Ляззат Асанова,Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова,Ербол Сыпатаевтарға арнап Q- код парақшалар жасалып ютуб арқылы көрсетілді.