«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тарихи кеш
№5 Кеңгір селолық үлгілі кітапхана – филиалы «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты тарихи кеш ұйымдастырды. Бұл кеште еліміздің ұлы жеңістері, еркіндік жолында жанқиярлықпен күрескен азаматтардың ерліктері жайлы еске алумен басталды (1 мин үнсіздік) , “Тәуелсіздік ел -мұраты” атты бейнеролик көрсетілді.
“Тәуелсіз елім” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып , Ғ.Мүсіреп -Тарихты тұлғалар,М.Тоқашбаев – Тәуелсіздік тынысым, А.Сәулебек – Тәуелсіздік нұры, Т.Тәшенов – Тәуелсіз елдің талайы, Қ. Байдәулет – Тәуелсіздік тудырған таланттарт т.б. кітаптарға шолу жасалды. 5 сынып оқушылары Ф.Онғарсынованың «Тәуелсіздік жыры», Қ.Аманжоловтың «Тәуелсіздік тойы, А.Ахметбекұлының «Көк тудың желбірегені» т.б. өлеңдерін нақышына келтіріп айтты. Іс шараға №2 ЖББМ-ның 5-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар «Тәуелсіздік таңы», «Ел ертеңі» өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. «Балауса» хор тобы “Тәуелсіздік”, “Айналдым елім” атты әндерін орындады.