“Желтоқсан ұлттың ұлы күші ” тарихи танымдық сағат
№4 Малшыбай ауылдық кітапхана -филиалында “Желтоқсан ұлттың ұлы күші ” тарихи танымдық сағат өтті,№15-ші негізгі орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары концерттік кеші ұйымдастырылды .Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалып,концерттік кешімізді ауыл әкімі Аянбаев Е.Е “1986 жылдың 16
желтоқсан оқиғасында қанша адамның қаза тапқаны әлі күнге дейін нақты емес. Ресми деректерде қайтыс болған төрт адамның ғана аты айтылса, бейресми дереккөздер марқұм болғандар санының бұдан әлдеқайда көп екенін мәлімдеп келеді. Сондай-ақ, осы көтеріліске қатысқан 99 жас азамат сотталып, 264 студент оқудан шығарылған.
Алматыдағы Желтоқсан көтерілісін посткеңестік елдердің сарапшылары КСРО-ны құлатуға бірден-бір түрткі болған оқиға екенін айтады. Өзге елдер мойындағанымен, Қазақстан билігі аталған оқиғаға әлі нақты бағасын берген емесі. Тәуелсіздік алғалы бері осынау көтеріліс жай ғана “Желтоқсан оқиғасы” деген ресми атауға ие “ баяндамасымен ашты.Мектеп оқушылары патриоттық би билеп,өлең жолдары оқылды,Алиакпарова А “Отан “ атты әнді орындады.Іс-шараға 47 ауыл тұрғындары қатысты.